6 мамыр күні Шардара ауданында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Аудандық мәдениет үйінде өткен мерекелік жиынға аудан әкімі Арман Қарсыбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков, аудан прокуроры А.Әлі, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ш.Әділханұлы, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Е.Жұманов, Ауған соғысының ардагерлері, әскери бөлімдердің қызметкерлері, бөлім басшылары мен мекеме қызметкерлері және қала тұрғындары қатысты.

Салтанатты жиында алғашқы болып сөз алған аудан әкімі А.Қарсыбаев жиналғандарды қос мерекемен құттықтап, Отан қорғаушылардың ерлігі мен батырлығына ерекше тоқталды.

Іс-шара аясында ауданның қорғаныс және қауіпсіздік саласында қажырлы еңбек етіп жүрген азаматтар мен ардагерлерге Шардара ауданының 60 жылдық мерейтойлық төсбелгілері табысталды. Сонымен қатар аудан прокуроры Алмас Әлі, аудандық полиция бөлімінің бастығы Шералы Әділханұлы және ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков мерекелік лебіздерін білдіріп, сала ардагерлері мен қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталды.

Мерекелік шара соңы патриоттық рухтағы әндер мен қойылымдарға ұласқан концерттік бағдарламаға жалғасып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.