Жуырда ғана ауыр атлетикадан Өскемен қаласында 20 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының жеке-командалық чемпионаты болып өтті. Аталған күш сайысына еліміздің ең мықты деген спортшылары қатысып, кіл мықтының ішінде кім мықты екенін анықтады. Олардың қатарында жерлесіміз Әлішер Тұрғанбай 60 кг салмақта өнер көрсетті.

Ол жұлқа көтеруден 120 кг, серпе көтеруден 145 кг салмақты бағындырып, қос сайыс нәтижесінде 265 кг көтеріп, чемпион атанды. Сонымен бірге «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» дәрежесін орындады.

Осындай зор жетістікке жеткен спортшымыз бен жаттықтырушыларды жеңістерімен құттықтай келе, алдағы әлемдік деңгейдегі жарыстарда жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектестік білдіреміз.

«Өскен өңір» – ақпарат.