Шардара ауданында аудандық маңыздағы KXSH-18 «КХ-18 Жаушықұм – Қалғансыр» автомобиль жол салу жұмыстары басталады. Ұзындығы 8,3 шақырым, ал ені 5 метр болатын бұл жол көлік қозғалысын жақсартуға және өңір тұрғындарының қатынауын жеңілдетуге бағытталған.
Қазіргі уақытта Шардара аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, оның нәтижесінде «Строймонтаж» ЖШС мердігер мекеме ретінде анықталды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.