22-29 маусым аралығында Өскемен қаласында волейболдан 2013-2014 жылдары туылған ұлдар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Осы жарыста Түркістан облысының құрама командасы 1 орын иеленді.
Облыс құрама сапында ойнаған Шардара аудандық №1 БЖСМ спортшылары – Асан Естай мен Стрельцов Геннадий ел чемпиондары атанды.
Жеңімпаздар мен жаттықтырушылары В.Стрельцов пен Е.Айнабековтерді жеңістерімен құттықтаймыз. Алдағы жарыстарда бұдан да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз.
«Өскен өңір» – ақпарат.