Өткен аптада аудан әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында аудан прокуроры Алмас Әлі «Казкрахмал» ЖШС жүгері өңдеу зауытының өкілімен кездесу өткізді. Жиында жүгері зауытындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары талқыланды.

Кездесуге аудан прокурорынан бөлек аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Каратунов, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Өмірбек Рүстем, құрылыс бөлімінің басшысы Асанбай Махашев, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бауыржан Білалов, ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Сержан Ильясов, «КазСуШар» КМК-ның басшысы Абай Мүталиев, «Шардара су электр станциясы» АҚ-ның бас инженері Серік Мамбетов және «Казкрахмал» ЖШС жауапты өкілі Руслан Қияшбаевтар қатысты.

Кездесу барысында зауытты таза ауыз сумен қамтамасыз ету, электр желісіне қосу, жол салу және кәріз жүйесіне қосу мәселелері кеңінен қаралды.

Тараптар аталған мәселелерді шешу үшін бірлесіп жұмыс жүргізу қажеттігін атап өтті.

Өз тілшімізден.