Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл. Аталған мерейлі мерекеге орай жер-жерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдық мерекесі қарсаңында шардаралық 97 жастағы тыл ардагері Орынбасар Ақмолдаевты қабылдап, құрмет көрсетті.
Тыл ардагері О.Ақмолдаев соғыс кезінде ұрыс болған аймақтарда елді мекендерді жаудың миналарынан тазалаумен айналысып, жанкешті, өте қауіпті жұмыстар атқарған. Украинадағы №31793 әскери бөлімінде борышын өтеп, соғыс даласын қаншама миналардан тазартқан.
Іс-шара барысында Т.Бердібеков тыл ардагерінің иығына шапан жауып, Жеңіс мерекесіне орай Алғыс хат табыстады.
Айдаралы Әбубәкіров.