Коронавирус инфекциясы – жұқпалы аурулардың басым аденогенді механизмі бар, өткір инфекциялық патология. Жоғарғы тыныс жолдарының зақымдануы коронавирустарға тән белгі.
Коронавирустың белгілері:
-Әлсіздік, бас ауруы;
-мұрыннан су ағу;
-құрғақ жөтел;
-тыныс алу қиындықтары;
-көкірек тұсының ауыруы, жөтелдің күшеюі;
-дәм сезбеу, иіс сезуінің нашарлауы;
-пневмония немесе тікелей вирустық пневмония немесе қайталама пневмония болуы мүмкін;
-дене қызуының 39-40 градусқа көтерілуі.
Вирус ағзадан тыс өмір сүре алады ма?
Вирус өзі ағзадан тыс ұзақ өмір сүре алмайды және бірнеше күн ішінде жойылып кетеді.
Алдын алу шаралары:
1.Суық тию белгілері бар адамдардан алшақ тұру.
2.Жеке гигиена ережелерін сақтау – қолды сабынмен мұқият жуу, көз бен мұрынды, құлақты жиі ұстамау.
3.Тамақты мұқият термиялық қыздырудан өткізіп, қайнатып пайдалану.
4.Халық көп жиналған орындарға бармау.
5.Жабайы жануарлар мен малға жақындамау.
6.Маска, антисептик құралдарын үздіксіз пайдалану, жеке гигиенаға мән беру, иммунитетті көтеру (дұрыс ұйықтау, дұрыс тамақтану), спортпен айналысу, қол және тыныс алу жолдарының гигиенасын сақтау, қолды 20 секунд бойы мұқият жуу, мұрынды изотониялық ерітіндімен жуу, бөлмені желдету.
7.Жиі қолданылатын заттарды залалсыздандыру құралдарымен сүрту.
8.Катаралдық құбылыстары бар тұлғалармен қарым-қатынас жасамау.
9.Коронавирус жағдайлары тіркелген қауіпті аймақтарға сапарға шықпау.
10.Адам көп жиналған жерлерден алшақ болу.
Коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны кімдерге салдыруға болмайды:
1.18 жасқа толмаған балалар;
2.жүкті әйелдер;
3.Емізулі әйелдер;
4.жұқпалы аурулармен ауырғандар;
5.жедел респираторлыық аурулармен ауырғандар;
6.коронавирус инфекциясымен ауырғандар 6 айға дейін;
7.созылмалы аурулардың өршуі;
Қазіргі таңда Жамбыл обылысында жасалған «KazCOVID-in» вакцинасының алғашқы легі Түркістан обылысына жеткізілді. Қазақстандық екпенің 2 мың дозасы Түркістан облысындағы вакцина салатын бекеттерге таратылды. Отандық вакцина «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары» ғылыми зерттеу иниститутының базасында жасалған.
Ауданымызда отандық екпені алғашқылардың бірі болып әскери бөлім қызметкерлері салдырды.
Шардара ауданы бойынша вакцинаның бірінші турын 1705 адам, екінші турын 480 адам салдырды. Вакцинадан кейін теріс әсері болған жоқ. Вакцина салдырғаннан кейін үш күн дәрігердің бақылауында болады.
Аудан бойынша вакцина салдырамын деген еріктілер саны көбейіп жатыр. Вакцина салдыруға келіңіздер.
Б.Әбдімәлік, аудандық орталық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы.