«Қызылқұм» жалпы білім беретін мектебінің былтырғы жылғы түлегі, үздік оқушы, пән олимпиадаларының аудандық, облыстық кезеңдерінің жеңімпазы Балнұр Нұран Жандосқызы қазіргі таңда Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ дене шынықтыру және спорт факультетінің 2-курс студенті.

Кішкентайынан ат құлағында ойнап, өткірлігімен, алғырлығымен көзге түскен Балнұр спорттың Комбат дзю-дзюцу түрімен шұғылданады.

Жуырда жасөспірімдер мен жастар арасында өткен ел чемпионатында Балнұр 50 кг салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионы атанды.

Үш күндік жарысты жеңіспен аяқтаған алтын қызымызға келешекте де жеңісті жолдары жалғасын таба берсін деп тілейміз.

         Өз тілшімізден.