- Қаралды: 41

Осыдан біршама уақыт бұрын Түркістанда тігілген ең үлкен сәукеле Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілгенін хабарлағанбыз.
- Қаралды: 107

Италияның тарихи астанасы – Рим қаласында өткен «Fibonacci International Robot Olympiad» әлемдік финалында 28 мемлекеттен 2 мыңнан астам қатысушы бақ сынады. Олардың қатарында Қазақстаннан барған 90 дарынды жас та өз білім-білігін көрсетіп, халықаралық аренада ел намысын қорғады.
Сол үздіктердің бірі – Шардара қаласындағы М.Қалмырза атындағы №3 мамандандырылған мектеп-интернатының оқушысы Ережеп Уәлихан. Ережеп Уәлихан ұстазы Раушан Исақованың жетекшілігімен «Avtonomy Car» категориясында II орын, информатика пәнінің мұғалімі Маржан Саудабаеваның жетекшілігімен «3 kg Sumo» категориясында III орын иеленіп, әлемнің айтулы командалары арасынан топ жарды.
Әлемдік додада озық нәтижеге қол жеткізген шәкіртті апта барысында аудан әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы салтанатты түрде қабылдады.
Қабылдау барысында Арман Романұлы дарынды оқушыға: «Білектіге – сенім, білімдіге – жеңіс серік. Еліміздің даңқын асқақтата беруіңе тілектеспін», – деп жылы лебізін білдіріп, Алғыс хат пен 500 мың теңгелік сертификат табыс етті.
Сонымен қатар, шәкіртінің талабын ұштап, табысқа жетелеуде ерекше еңбек сіңірген ұстаздар «Шардара ауданына 60 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Бұл жеңіс – қажырлы еңбек, талмай іздену және үздіксіз дайындықтың жарқын жемісі.
Мектеп ұжымына шығармашылық табыс, жаңа белестер тілейміз!
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
- Қаралды: 1377

Жуырда аудан әкімдігінде «23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне» арналған салтанатты шара өтті. Іс-шараға аудан әкімі Арман Қарсыбаев, қала, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім басшылары, мекеме қызметкерлері қатысты. Салтанатты жиында аудан әкімі мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ел игілігі жолындағы тынымсыз еңбектерін жоғары бағалады.
- Қаралды: 1084

Ауданымыздағы «Қамқорлық» отбасын қолдау орталығының құрылғанына көп болған жоқ. Өткен жылдың басында ғана құрылған орталықтың негізгі міндеті мен бағыты – өмірде қиын жағдайға тап болған адамдарды ерте анықтау және оларға тиісінше қолдау көрсету болып табылады.
- Қаралды: 1104

Өткен аптада аудандық ардагерлер үйінде облыс тарапынан белгіленген жоспарға сәйкес «Жас ұрпақ тәрбиесі» бағытында алқа мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімдігі мен ішкі саясат бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мәдениет және білім саласының өкілдері, жастар орталығы, аудандық аурухана, бастауыш ардагерлер ұйымдары, әжелер алқасы, медиаторлар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
- Қаралды: 1770

Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл. Аталған мерейлі мерекеге орай жер-жерде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 80 жылдық мерекесі қарсаңында шардаралық 97 жастағы тыл ардагері Орынбасар Ақмолдаевты қабылдап, құрмет көрсетті.
Парақ 1 барлығы 5

