Жаушықұм ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен «Жаушықұм» мәдениет үйінде 25 қазан – Республика күніне орай жастарды өнер мәдениетіне баулу арқылы танымдық қызығушылығын, сахна мәдениетін қалыптастыру, талантты жастарды қолдау мақсатында «Болашақ үміт – жастарға сенім" атты тақырыпта аудан жастары арасында Жаушықұм әкімі кубогының ақтық сайысы өткізілді.
Сайысқа 10 команда қатысты. Шараны аудан әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан Қуанышбайұлы ашып беріп, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Сайысқа қатысушы команданың барлығы өзгеше стильде ойнап, қоғамдағы мәселелерді әзілге айналдырып, ортаны күлкіге толтырды. Көрермендер болса қол шапалақтап, ұнатқан әзілқой жастарға жанкүйер болды. Қазылар алқасы қатысушылардың әзілдерін талқыға алып, сөз әдебіне, тақырыптың дұрыс таңдалуына үлкен мән берді. Тіпті киім үлгісіне, сахна төрінде өздерін ұстауына да назар аударды. Жалпы, қатысушылар өздерін жеңіл, жайлы сезініп, ойнап шықты.
Ойындардың қорытындысы бойынша бірінші орынды «Байдың қыздары» командасы, екінші орынды «ІBILIM» командасы, үшінші орынды «Ханшай-ымдар» командасы иеленді.
Көрермен көзайымы номинациясымен «Жаушықұым ұландары» командасы, «Үздік ойыншы» номинациясымен «Ханшайымдар» командасының капитаны Үсен Сезім Орайбайқызы марапатталды. Басқа қатысушылар да ауыл әкімінің диплом, алғыс хаттарына, бағалы сыйлықтарға ие болды.
«Өскен өңір» – ақпарат.