Қазан айының 10-ы мен 15-і аралығында Грекия елінің Корфу қаласында гір спортынан ересектер арасында Әлем чемпионаты өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен әр елдің ең мықты гір тасын көтеруші хас шеберлері жиналған байрақты бәсекеде жерлестеріміз ел атынан сынға түсті. Әлемдегі кіл мықтылармен күш сынасқан ауданымыздың спортшылары 2 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде иеленіп, мерейімізді асырды. 

Атап айтсақ, серпе көтеруден Бағжан Байдуллаев (63 кг) 1-орынды, Қуаныш Ерасыл (78 кг) 3-орынды иемденді. Ал ұзын айналымда көтеруден Қуаныш Ерасыл (78 кг) алтын алса, жұлқа көтеруден Бақдәулет Шынтанов (95кг) 3-орын иеленді. Командалық эстафетадан Тұрғанбай Нұрбатыр 2-орыннан көрінді.

Әлем біріншілігінде топ жарған жерлестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!

«Өскен өңір» – ақпарат.