16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiк күнiне орай аудандық Мәдениет сарайында мерекелiк iс-шара өттi.

Елiмiздiң мемлекеттiк Әнұраны орындалып болған соң сахнаға жуырда ғана облыстық байқаудан жүлдемен оралған С.Кәттабеков атындағы жалпы орта мектебiнiң «Ақ маржан» би тобы шығып, көрерменге өз өнерлерiн тарту еттi.

Залға жиналған шардаралықтарды аудан әкiмi Қайрат Жолдыбай айтулы мерекемен құттықтап, Тәуелсiздiк күнiне арнап баяндама жасады. Мұнан соң марапаттау рәсiмi басталды. Қайрат Жолдыбайұлы ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуына өз үлестерiн қосып жүрген бiр топ азаматтарға түрлi деңгейдегi наградаларды табыс еттi. Атап айтар болсақ, облыс әкiмi Өмiрзақ Шөкеевтiң Алғыс хатымен Жаушықұм ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы, еңбек ардагерi Тоғай Нұрымбетов, қала әкiмi аппаратының бас маман-заңгерi Амангелдi Ысқақов, облыс әкiмiнiң Грамотасымен қала әкiмiнiң орынбасары Бөгенбай Сүйет марапатталды. Сондай-ақ, кеше ғана дүркiреп өткен Шардара ауданының 55 жылдық мерейтойына арнап шығарылған мерекелiк медальдарымен еңбек ардагерлерi Егембердi Дүйсенов, Зухра Әжiбаева, «Ақ әжелер» ансамблiнiң жетекшiсi Жарылқасын Мүтәлиева мен ансамбльдiң мүшелерi Жаңылай Айдарова, Гүлия Құралбаева, Ақiлгек Мұсаева, Несiбелi Шәменова, Күлайша Бейсенова,  аудандық орталық аурухананың статистика бөлiмiнiң меңгерушiсi Пазылхан Мыңбаев, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Есенбай Бейсенбиев, М.Горький атындағы жалпы орта мектебiнiң мұғалiмi Марина Карюгина, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебi директорының орынбасары Бибiмәриям Байтүгелова марапатталды.

Аудан тұрғындарына деген мерекелiк лебiздi аудандық мәслихаттың хатшысы Бұлтбай Мүтәлиев те бiлдiрдi. Сонымен бiрге Бұлтбай Лесбекұлы бiрқатар азаматтарға марапаттаулар тапсырды. Атап айтар болсақ, Қазақстан Республкиасы мәслихаттарының 25 жылдық мерекесiне орай Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының қоғамдық бiрлестiгiнiң шешiмiмен жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқарудың дамуы мен қалыптасуына қосқан елеулi үлесi үшiн аудан әкiмiнiң орынбасары Бауыржан Шомпиев «Ерен еңбегi» үшiн медалiмен, аудандық iшкi iстер бөлiмiнiң басшысы Аппаз Тұрғымбаев, №16 колледждiң директоры Жалғас Нұрымбетов, №16 колледж директорының орынбасары Гүлжанат Шертаева «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелiк медальдарымен марапатталды. №16 колледж қызметкерлерi Мырзабек Қадыр, Ольга Мамулина және Ержан Бiләлов аудандық мәслихат хатшысының грамотасын иеленсе, еңбек ардагерлерi Түгелбай Пашаров, Ислам Омар, Базарбай Әуезов, Валентина Шишкина, Ұлдығыз Зейнедiлова, Сәрсенбай Еспенбетов, аудандық бiлiм саласының ардагерi Нұрмахан Ахметқұлов, аудандық орталық аурухананың балалар кеңесiнiң педиатр дәрiгерi Талдыбай Құлбабаев, №8 «Балапан» балалар бақшасының директоры Құралай Тiлешова, ҚР Мәдениет қайраткерi жыршы-термешi Хадиша Мұсабекова Шардара ауданының 55 жылдық мерейтойына арналған мерекелiк медальдармен марапатталды.

Тәуелсiздiк күнiне арналған мерекеде аудандық Мәдениет сарайының өнерпаздары әсем әннен шашу шашып, көрермендерге көтерiңкi көңiл-күй сыйлады.

Аудан әкiмiнiң баспасөз қызметi.