Апта барысында Шардара ауданының прокуроры А.Әлінің төрағалығымен Шардара су қоймасы жағалауындағы өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдары бойынша аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ғимаратында мәжіліс өтті.

Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Б.Төребеков, қала әкімінің орынбасары Б.Сүйет, Қ.Тұрысбеков ауылдық округінің әкімі А.Алтынбеков, сондай-ақ Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы, аудандық полиция бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімі, мемлекеттік кірістер басқармасы, «Шардара орман және жануарларды қорғау әлемі» КММ, «Қазсушар» РМК, «Атамекен» ҰКП филиалы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы және су қоймасы жағалауындағы кәсіпкерлер қатысты.

Күн тәртібінде су қоймасы жағалауындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экологиялық және санитарлық нормалардың сақталуы, сондай-ақ заң талаптарының орындалуы жөнінде ұсыныстар қаралып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушы мекемелер мен кәсіпкерлерге нақты міндеттер жүктелді.

«Өскен өңір» – ақпарат.