Таяуда шекарашылар Мақтаарал ауданынан Өзбекстанға 460 ұсақ малды заңсыз өткізбек болғандарды ұстады. Қойдың құлағындағы белгіні тексеру кезінде малдың Қазақстандағы шаруа қожалықтарына тиесілі екені анықталған.

Қылмысқа қатысы бар күдіктілер іздестіріліп жатыр.

Жыл басынан бері қазақ-өзбек шекарасынан 1,5 мыңға жуық ірі қара мен ұсақ малды тасымалдау дерегі тіркелген. Шекарашылар заңбұзушылықтың көбеюін көрші елде төрт түлік бағасының күрт қымбаттауымен байланыстырады.

«Өскен өңір» – ақпарат.