Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 80 жылдық мерейтойы мен Отан қорғаушылар күніне орай Шардара ауданының прокуроры Әлі Алмас Ермекұлына “аға әділет кеңесшісі” арнаулы атағы марапаттау тәртібімен мерзімінен бұрын берілді.
Бұл марапат – оның көп жылғы мінсіз қызметі, жоғары кәсібилігі және заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Бас прокурорының бұйрығымен бекітілді.
Арнаулы атақты облыс прокуроры Тілеубердиев Мұрат Әжінұрұлы салтанатты марапаттау рәсімінде табыстап, әріптесінің еңбегін ерекше атап өтті.
Аудан прокурорын лайықты атағымен құттықтай отырып, Отан игілігі жолындағы еңбегіне толағай табыстар тілейміз.
«Өскен өңір» – ақпарат.