Шардара қаласын сапалы ауыз суымен қамту мақсатында аудан орталығынан 40 шақырымға жуық қашықтықтағы «Тама-Тастанбек» жерасты су қоры учаскелеріндегі құрылыс жұмыс- тары қарқынды жүргізілуде.
Күні кеше аудан әкімі Арман Қарсыбаев құрылыс жұмыстарының барысын салаға жауапты мамандармен бірге нысандардың басына барып, танысты.
Мердігер мекеме «Алтын констракшн» ЖШС құрылыс жұмыстарының қарқынын арттырып, бүгінгі таңда 10 шақырымға астам қашықтыққа ауыз су құбырларын жүргізген.
Жоба бойынша екі жыл мерзімде ауыз су құбырын салу жұмыстарын аяқтап, Шардара қаласы сапалы ауыз сумен қамтылады деп күтілуде. Сондай-ақ қалаға іргелес елді-мекендерді де сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік болады.
Айта кетсек, ауыз су құрылыс жұмыстары аудан әкімі Арман Романұлының тұрақты бақылауында.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі