Шардара ауданында өсімдік зиянкестерімен ағымдағы жылы Жаушықұм масиві мен Сырдария өзені жағалауында күрес жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық болжамдар әдістемелік орталығының хабарламасына сәйкес Жаушықұм, Сүткент ауылдық округтерінде шегіртке зиянкестерінің жер бетіну шығу дерегі тіркеліп анықтау-зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Жаушықұм массивіндегі жайылымдық аймақта жергілікті әкімдік, аумақтық инспекция мамандарымен бірге 15 анықтаушы, ветеринария мекемесінің 10 маман, қосымша Қ.Тұрысбеков ауыл округінен 5 анықтаушы жұмылдырылып, 20 дана аспалы (ранцевый) бүріккіш аппараттары Тиаметрин препаратымен өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар Қоссейіт, Көксу, Ұзыната, Алатау батыр, Сүткент, Достық ауыл округтері Сырдария өзені жағалауындағы жайылым жерлерге «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі мамандары мен анықтаушылар өсімдік зиянкестеріне қарсы фитосанитариялық іс-шаралар атқаруда. Бүгінгі таңда аталған ауыл округтерінде зерттелген жердің экономикалық зиянды шегінен асқан марокко шегірткесінің қоныстанған ошақтары анықталып, химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде. Өңдеу жұмыстарына арнайы жабдықталған 2 бірлік МТЗ базасындағы тракторлар, 40 бірлік аспалы (ранцевый) бүріккіш аппараттары, 65 анықтаушы жұмылдырылуда.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі