Аса қауіпті марокко шегірткесіне қарсы фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу барысы қарқынды жалғасуда.
Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде аса қауіпті өсімдік зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстарын үйлестіру бағытында құрылған жұмысшы тобы төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Ж.Бердешовтің тапсырмасына сәйкес, Жаушықұм массивіндегі көршілес Келес ауданымен шекаралас аймақтардағы аса қауіпті Марокко шегірткесі зиянкестерін анықтау-зерттеу жұмыстарына Қоссейіт, Қ.Тұрысбеков ауыл округтерінен және дербес бөлімдерден жалпы 95 адам жұмылдырылып, шегірткенің ошғырланған 17 ошағы анықталды. Соның нәтижесінде 4000 гектар жерге анықтау-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, «Ветеринариялық қызмет» және Орман шаруашылығы мекемесінің мамандары жабдықталған УАЗ техникасымен және ранц аппараттарымен экономикалық зиян шегінен асқан 252 гектарға химиялық өңдеу жұмыстары атқарылды.
Жалпы аудан бойынша бүгінгі таңға «Сырдария-Түркістан» МӨТП мамандары мен анықтаушылары 17000 гектар жерге зерттеу жүргізіп, шегірткенің 134 шоғырланған ошағына 1623 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Өңдеу жұмыстарына арнайы жабдықталған 4 бірлік МТЗ тракторлар, 44 бірлік аспалы (ранцевый) бүріккіш аппараттары, 154 анықтаушы жұмылдырылуда. Шегіртке зиянкестерімен күрес жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ауданның фитосанитариялық ахуалы тұрақты.
Шардара ауданы баспасөз қызметі.