Кешегі аптада Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогының кезеңі аяқталды. Турнирдің финалына Қазақстан құрамасының үш өкілі жолдама алып, барлығы жеңіске жетті.

Атап айтқанда, Жазира Орақбаева (51 келіге дейін), Нұрсұлтан Алтынбек (55 келіге дейін), Дәулет Төлемісов (85 келіге дейін) Әлем кубогының иегері атанды. Сонымен қатар үш бірдей боксшымыз үшінші орынға ие болды.

Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен жерлесіміз Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін) қол жүлдегер атанып, жеңісін Шардара ауданының 60 жылдығына арнайтындығын айтады.

Айта кетелік, Ұлжан бұған дейін жастар арасында Азияның 3 дүркін чемпионы атанған.

Жеңісті күндеріміз жалғаса берсін! 

«Өскен өңір» – ақпарат.