Елімізде туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Туризмді дамыту арқылы Қазақстанның экономикалық жағдайын жақсартып, бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешуге болатыны да белгілі. Қазақстанда туризмді дамыту үшін барлық қажетті мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайлар жеткілікті. Сондай жерлердің бірі – Шардара ауданы.
Жуырда Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев аудандағы туристік аймаққа апаратын жол құрылысының барысымен арнайы танысты.
Аталған жолдың жалпы ұзындығы 1845 метр, ал ені 6 метр. Жоба аясында алдағы уақытта 2205 метр электр желісі тартылып, жол бойына 73 жарықтандыру бағанасы орнатылмақ.
Аудан басшысы нысанды аралау барысында мердігер ұйымға құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
«Өскен өңір» – ақпарат.