Қадірлі ұстаздар, құрметті білім беру саласының қызметкерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Ұстаздық – ұлы жауапкершілік пен терең білімді, мейірім мен сабырды, үздіксіз ізденіс пен жанашырлықты талап ететін қастерлі мамандық. Ұстаздың берген білімі мен тағылымы шәкірттің өміржолына бағыт-бағдар беріп, оның тұлға ретінде қалыптасуына үлкен ықпал етеді.

Қазақ халқы ежелден ұстаз еңбегін жоғары бағалап, білім мен тәрбиені ел болашағының берік негізі санаған. Бүгінде де білімді, білікті, отаншыл әрі жан-жақты ұрпақ тәрбиелеуде сіздердің еңбектеріңіздің маңызы айрықша.

Шардара ауданындағы білім беру саласының қызметкерлері жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп, білім сапасын арттыру, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Ұстаздардың кәсіби білімі мен ізденісі, шәкірттерінің жетістіктері – ауданымыздың ортақ мақтанышы.

Осы ретте саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнап, білім саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагер ұстаздарға айрықша алғысымызды білдіреміз. Сіздердің еңбек жолдарыңыз бен өнегелі істеріңіз – кейінгі буынға үлгі, ұстаздық дәстүрдің алтын арқауы.

Құрметті ұстаздар!

Сіздерге еңбектеріңізге шығармашылық шабыт, кәсіби табыс, мықты денсаулық пен қажымас қайрат тілейміз. Әр шәкірттің жетістігі сіздерге қуаныш сыйлап, еңбектеріңіз әрдайым елдің алғысы мен құрметіне бөлене берсін!

Шәкірттеріңіз биік белестерді бағындырып, ел абыройын асқақтататын білімді де білікті азаматтар болып қалыптассын! Отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!

Ұстаздар күні құтты болсын!

 Ізгіниетпен, Шардара ауданының әкімі  А.Қарсыбаев

Шардара аудандық мәслихатының төрағасы     Б.Мүталиев