Жерлесіміз Құлмырза Бексұлтан Жапонияның Нагоя қаласында 18-24 қазан аралығында өтетін V Азия Пара ойындарына қатысады.

Бексұлтан Нұрланұлы осы уақыт дейін Пара дзюдодан 2025 жылғы Әлем чемпионы, Астанада өткен Гран-при жеңімпазы, Әлем кубогы жеңімпазы, ересектер арасында ҚР чемпионы, жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты мен Азия кубогының қола жүлдегері. 2004 жылы 1 жел- тоқсанда Қоссейіт ауылында дүниеге келген спортшы 10 жа- сынан бастап дзюдомен айналысады.

Жаттықтырушысы – Нұрбол Шайманов. Спортшы V Азия Пара ойындарында Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында өнер көрсетіп, ел намысын қорғайды.

Жерлесіміздің жеңісті күндері көп болсын!

 «Өскен өңір» – ақпарат.