
6 қазан күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Ұстаздар күніне орай «Ұстазға құрмет – ұлтқа өнеге» атты аудандық мерекелік іс-шара өткізілді.
Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Бердешов Жұмастұлтан Оразбекұлы, аудандық мәслихат төрағасы Мүталиев Бұлтбай Лесбекұлы, «Әділет» партиясы Шардара аудандық филиалының төрағасы Шомпиев Бауыржан Қуанышбекұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Мұсатаева Жанат Тұяқбайқызы, сондай-ақ, ауданның білім беру саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагер ұстаздар арнайы қатысты.
Жиын барысында қонақтар аудан педагогтерін кәсіби мерекесімен құттықтап, ұстаз еңбегінің қоғамдағы маңызы мен жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі рөлін атап өтті. Білім беру саласында нәтижелі еңбек етіп жүрген бірқатар педагогтерге марапаттар мен алғыс хаттар табысталып, саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған ардагер ұстаздарға ерекше құрмет көрсетілді.
Ұстаз – ұрпаққа білім мен тәрбие беріп қана қоймай, жас ұрпақтың тұлғалық қалыптасуына бағыт-бағдар беретін, елдің болашағына қызмет ететін мәртебелі мамандық иесі. Осыған орай ұйымдастырылған мерекелік шараның негізгі мақсаты – ұстаз еңбегін дәріптеу, педагог мәртебесін көтеру, білім беру саласында еңбек етіп жүрген педагогтерге құрмет көрсету және ардагер ұстаздардың өнегелі жолын насихаттау.

Ауданның барша ұстаздарына шығармашылық шабыт, кәсіби жетістік, зор денсаулық және шәкірттерінің биік белестерін көруді тілейміз!
«Өскен өңір» – ақпарат.





