Апта басында аудан әкімі Қ.Жолдыбай тұрғындарға жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауда болған тұрғындар тарапынан әлеуметтік көмек алу, мүгедектігі бар баласына қосымша көмек, ауызсу, электр жарығы, асфальт төсеу, жұмыс мәселесі, тұрғын үйді жөндеуге көмектесу, тұрғын үй кезегі, интернет мәселесі, темір-бетон арықтардағы су мәселесі, кәсіпкерлік мақсаттағы жер алу мәселесі және басқа да мәселелер айтылды.

Аудан басшысы сауалдарға толыққанды жауап беріп, жасалуға тиісті жұмыстарды жүзеге асыру бойынша жауапты мекемелерге тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, әр мәселенің орындалу уақыты нақтыланып, қосымша түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.