
Жуырда Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды. Бір аптаға созылған жарыста 337 спортшы бақ сынап, өзара мықтыларды анықтады.
30 қазан мен 6 қараша аралығында өткен Қазақстан чемпионатына 223 ер және 124 әйел боксшы қатысып, 20 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтады. Олардың қатарында жерлесіміз, 57 келі салмақта шаршы алаңға шығып жүрген Ұлжан Сәрсенбек те бар.
Бұған дейін жастар арасында Азияны бағындырған Ұлжан Ержанқызы бұл жолы да бабында екендігін паш етті. Қарсыластарының барлығынан басым түскен Ұлжан аталған салмақ бойынша Қазақстан чемпионы атанды!
Ұлжанға алдағы уақыттарда да жеңісті жолының жалғаса беруін тілейміз. Олимпиада ойындарында бақ сынап қалар деген үмітіміз де жоқ емес.
Өз тілшімізден.







