
Жуырда Түркістан қаласындағы «Конгресс-холл» ғимаратында Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт саласындағы 2025 жылдың қорытындысына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Маңызды жиында жыл бойы жоғары нәтиже көрсетіп, облыс спортының дамуына үлес қосқан үздік спортшылар, жаттықтырушылар мен аудандар арнайы номинациялар бойынша марапатталды.
Жерлестеріміз, қол күресінен әлем чемпионы Медет Құттымұратов пен қазақ күресінен халықаралық турнирлердің жеңімпазы Қайсар Шамшидинов өз салалары бойынша «Түркістан облысының үздік спортшысы» атанды.
Жерлестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!
2026 жылы да жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектеспіз!
Өз тілшімізден.





