
12-13 мамыр күндері Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында «IBSA JUDO GRAND PRIX ASTANA» халықаралық турнирі өтті.
Бұл дода 2028 жылы Лос-Анджелес қаласында өтетін Паралимпиада ойындарына маңызды рейтингтік ұпайлар үлестіретін беделді бәсекелердің бірі саналады. Аталған турнирге әлемнің 25 елінен 150-ден астам үздік спортшы қатысып, өзара бақ сынады. Қазақстан ұлттық құрамасы бұл додаға барлық салмақ дәрежелері бойынша 26 спортшымен қатысты. Ел намысын қорғаған балуандар қатарында жерлесіміз Құлмұрза Бексұлтан 81 келі салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Бабы мен бағы қатар жанып келе жатқан Б.Құлмырза аталған турнирде қарсылас шақ келтірмей, өз салмағында чемпион атанды.
Жерлесіміздің жеңісі құтты болсын дей отырып, алдағы уақытта өтетін Паралимпиада ойындарында жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектестік білдіреміз.
«Өскен өңір» – ақпарат.




