Жерлесіміз Данияр Роман әлемдегі ең беделді кәсіби лигалардың бірі саналатын East vs West 25 турнирінде жарқын жеңіске қол жеткізді. 

Батуми қаласында өткен кеште Данияр тәжірибелі қарсыласы Григорий Лящукпен үш раундтық суперматчта кездесіп, жоғары деңгейдегі шеберлігін көрсетті. Тартысқа толы белдесуде жерлесіміз сенімді өнер көрсетіп, қарсыласынан басым түсіп, маңызды жеңісті өз еншісіне жазды.

East vs West аренасындағы сәтті дебют Данияр Романның халықаралық рейтингтегі беделін арттырып, әлемнің үздік армрестлинг шеберлерімен тең дәрежеде бәсекелесе алатынын көрсетті.

Қазақстандық жанкүйерлер үшін бұл – үлкен мақтаныш. Данияр Роман кезекті рет ел намысын абыроймен қорғап, қазақ армрестлингінің әлемдік аренадағы әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жерлесімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! 

"Өскен өңір" – ақпарат.