Өткен аптада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, «Алатау батыр» мешітінің имамы Әлібек Өмірзақовтың ұйымдастыруымен кіші футболдан турнир өтті. Оған Шардара ауданына қарасты ауылдық мешіттерден 16 команда қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында облыс имамы Еркебұлан Қарақұлов пен ауыл әкімі Қалдан Қарабаевтар сөз алып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарыс нәтижесі бойынша: бірінші орынның жеңімпазы атанған «Алатау батыр» мешіті 40 мың теңге, екінші орынға ие болған «Қоссейіт» мешітінің футболшылары 30 мың теңге, үшінші орынның жеңімпазы болған «Шардара» мешітінің футболшылары 20 мың теңгенің марапатына ие болды. Жүлдегер командалардың үшеуіне де кубок пен Алғыс хат табыстады. Аудан имамы Марат Асанов турнирді ұйымдастырушылар мен қатысушылардың барлығына өз ризашылығын білдірді.

 Алдағы кезде де имамдар мен мешіттер арасындағы жарыстар өз жалғасын табатын болады.

                 Бота Өмірзаққызы.