Шардаралық спортшы, М.Горький атындағы жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Даниленко Снежана Александровна таяуда таэквондодан Еуропа чемпионатында күміс медалін жеңіп алды.

Айта кетсек, Еуропа чемпионатына іріктеу 2021 жылдың тамыз айында Қарағанды қаласында өткізіліп, Еуропа чемпионаты мен әлем чемпионатының жолдамасына ие болған  болатын. Қыркүйек айында Снежана Даниленко Грециядағы Ираклион қаласындағы Крит аралында өткен халықаралық бәсекеде еліміздің мерейін асырып, күміс алқа тағынды. Аталған жарыс қазан айының 26-30 жұлдызы аралығында өтті.

Апта барысында аудан басшысы жерлесімізді ата-анасымен өз қабылдауына шақырып, арнайы Алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыстады.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.