Ақпан айының соңғы күндерінде Отырар ауданында «2022 жыл – Балалар жылы және ТМД халық шығармашылығы, мәдени мұра жылына» арналған волейболдан 2005-2006, 2009-2010 жылы туылған қыздар
арасында 2022 жылғы Түркістан облысының чемпионаты болып өтті. Жарысқа облысымыздан барлық аудандарынан командалар қатысып, өз бақтарын сынады.
2005-2006 жылы туылған қыздар арасында өткен жарысқа 14 команда қатысты. Шардара құрама командасы өз тобында үздік шығып, жартылай финалда Отырар командасын жолда қалдырды. Ақтық ойында Түркістан қаласының командасымен кескілескен ойын көрсетіп, жүлделі ІІ орынды қанағат тұтты.
2009-2010 жылы туылған қыздар арасында өткен жарысқа 8 команда қатысты. Ойын нәтижесі бойынша Шардара құрама командасы жүлделі ІІІ орынды иемденді.
Волейболшы қыздарымызға сәттілік тілейміз.
Өз тілшімізден.