Таяуда Иордания мемлекетінің Амман қаласында бокстан жастар арасында Азия чемпионаты болып өтті. Аталған чемпионатта Азияның кіл мықты былғары қолғап шеберлері бас қосып, шаршы алаңда сынға түсті.
Қазақстан құрамасы атынан 57 келі салмақта өнер көрсеткен Шардараның тумасы, жерлесіміз Сәрсенбек Ұлжан жарыстың жартылай финалында үндістандық қарсыласын тізе бүктірсе, финалда тайландтық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, көк туымызды көкке көтеріп, Әнұранымызды шырқатты. Бұған дейін Ұлжан былтырғы жылы да Азия чемпионатында алтыннан алқа тағынған еді.
Ендеше, барша спорт сүйер қауым атынан Сәрсенбек Ұлжанды және жеке бапкері Демеуов Шыңғысты жеңістерімен құттықтай отырып, еліміздің абыройын асқақтата берулеріне ниеттеспіз!
Бекжұма Матжанұлы.