Наурыз айының соңғы күндерінде Екібастұз қаласында Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты өтті. Түркістан облысының намысын қорғауға волейболшы қыздар сапында біздің ауданымыздағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Кәдірхан Аяна да аттанған болатын. Кіл мықтылар жиналған бұл чемпионатта Түркістан облысы құрама командасының бағы мен бабы қатар шауып, бас жүлдені еншіледі.
Апта барысында чемпиондық атаққа ие болып елге оралған Аяна Кәдірханды және бапкері Еркін Қалдаровты аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ербол Сакиев бағалы сыйлықтармен марапаттап, алдағы жарыстарда сәттілік тіледі.
Өз тілшімізден.