Өткен аптада Кентау қаласында қазақ күресінен ересектер арасында дәстүрлі түрде өтетін "Қазақстан Барысы" республикалық турнирінің облыстық іріктеу жарысы өтті.

Аталған жарыста облысы- мыздың түкпір-түкпірінен келген боз кілем шеберлері күш сынасты. Осы жарыста жерлесіміз, түйе палуан бәсекесінде күрескен Қайсар Шамшидинов жүлделі 2 орынды иеленді. Ол сонымен қатар "Қазақстан Барысы" республикалық турниріне жолдама алды.

Жерлесіміздің жеңісі құтты болсын дей отырып, алда өтетін "Қазақстан Барысы" республикалық турнирінде жеңіске жетуіне тілектеспіз!

Бекжұма Матжанұлы.