Шымкент қаласында маусым айының 6-сы күні қазақ күресінен ересектер арасында қала күніне орайластырылған "Шымкент Барысы" турнирінің іріктеу жарысы өтті.

Аталған жарыста түйе балуан бәсекесінде күрескен, қазіргі таңда Шымкент қаласында тұратын жерлесіміз Ерсұлтан Мұзаппаров қарсыластарынан басым түсіп, бас жүлдені жеңіп, «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдаманы жеңіп алды.

Сонымен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде екі бірдей балуанымыз – Ерсұлтан Мұзаппаров пен Қайсар Шамшидинов бақ сынайды.

Жерлестеріміздің жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектеспіз!

«Өскен өңір» – ақпарат.