Маусым айының 11-12-сі күндері Атырау қаласында ерлер, әйелдер және ардагерлер арасында грээплинг және грээплинг-гиден Қазақстан Республикасының кубогы өтті. Дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен ең мықты спортшылар қатысып, жарыс көрігін қыздырды.

Аталған жарыста жерлесіміз Шайманов Нұрбол грээплинг-гиде 100 кг салмақ дәрежесінде күресті. Бабы мен бағы қатар шауып тұрған жерлесіміз барлық қарсыластарынан басым түсіп, алтыннан алқа тағынды.

Жерлесіміздің жеңісі құтты болсын дей отырып, алдағы уақытта да жеңісті күндерден көріне беруіне тілектеспіз!

Б.Нарбай.