18 маусым күні кіші футболдан облыстық турнир болып өтті.  Шардара ауданына еңбегі сіңген аптал азамат Оразбек Бердешовты еске алуға арналған турнир осымен дәстүрлі түрде он бірінші рет өткізіліп отыр. Жасөспірімдер арасында өткізілген турнирге бас-аяғы 12 команда қатысты.

Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, Түркістан облыстық бокс және футбол федерациясының президенті Р.Тәңірбергенов және өзге де ел ағалары сөз сөйлеп, О.Асымұлының ізгі істерін айтып, дәстүрге айналған спорттық шараның маңызына тоқталды. Сонымен қатар турнирге келген басқа да қонақтар сөз сөйлеп, тілектерін жеткізді.

Жарыс нәтижесінде I-орынды Келес ауданының аяқ доп шеберлері иемденсе, II-орынды жерлестеріміз қанжығасына байлады. Ал үздік үштікті Жетісай ауданының спортшылары қорытындылады.

Шарадан соң елге ас беріліп, марқұмдардың рухына арналып құран бағышталды.

         Б.Нарбай.