Шiлде айының 25-27 күндерi аралығында Талдықорған қаласында қол күресiнен ауыл жасөспiрiмдерiнiң IV жазғы ойындары өттi. Аталған жарыста елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен жиналған бiлектiлер күш сынасып, сайыстың көрiгiн қыздырды.

Бiлектiлер мен жүректiлер сыналатын сайыста “Шардара Армспорт” клубының жас өрендерi  облыс намысын қорғады. Құрамында Әлемнiң, Европаның, Азияның чемпиондары бар жерлестерiмiз бұл жолы да алтыннан алқа тағынып, Түркiстан облысын командалық есепте I орынға шығарды. II орынды Алматы облысының спортшылары иемденсе, үздiк үштiктi Жетiсу облысы өрендерi қорытындылады.             

Барша жеңiс тұғырынан көрiнген жерлестерiмiздi және жаттықтырушыларын құттықтай келе, алдағы байрақты бәсекелерде елiмiздiң абыройын қорғап, көк туымызды көкке көтере берулерiн тiлеймiз!

"Өскен өңір" ақпарат.