Қыркүйек айының 16-19 күндері аралығында Түркістан қаласында таеквондо WT спорт түрінен 2011-2012 және 2013-2014 жылы туылған жасөспірімдер арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті. Аталған чемпионатта ауданымыздың намысын арқалап барған жас спортшыларымыз 5 алтын, 5 күміс, 5 қола медальді қанжығаларына байлады. Олардың он бірі ұлдар болса, төртеуі қыздар құрамасының атынан бақ сынап, жүлдегер  атанғандар.

Жүлделі орындарға ие болған спортшыларымыз бен жаттықтырушыларын жетістіктерімен құттықтай келе, алдағы ел чемпионатында жеңіс тұғырынан көріне берулерін тілейміз. 

«Өскен өңір» – ақпарат.