Өткен аптада Төлеби ауданының 90 жылдығына арналған «Төлебидің ғажайып өрнектері» атты облыстық өнер байқауы ұйымдастырылған болатын. Байқау өнердің түрлі жанры бойынша өткізілді. Аталған өнер бәйгесіне шардаралық өнерпаздар да ат қосқан болатын. Нәтижесінде жерлестеріміз қос бірдей бірінші орынды қанжығаларына байлап, мерейлері үстем болды.
Атап айтқанда, сазгерлер арасында аудандық мәдениет сарайының қызметкері, әуесқой сазгер Нұржан Жығалиевтің «Төлеби төрінде» әні (сөзін жазған Әбдіғаппар Айдаров, орындаушы Бақберген Омаров) жүлделі 1 орынды иеленсе, ал ақындар арасынан әріптесіміз, «Өскен өңір» газетінің штаттан тыс қызметкері, «Amanat» партиясы Шардара аудандық филиалы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының жетекшісі, Ы.Алтынсарин атындағы негізгі орта мектебінің мұғалімі Бекжұма Нарбай да жүлделі 1 орын иеленді.
Қос жүлде құтты болсын, жерлестер!
«Өскен өңір» – ақпарат.