Өткен аптаның соңында Келес ауданында сол ауданның тумасы, футболдан ардагер спортшы, ұстаз Зупаров Раушан Мәуленұлының жүлдесі үшін 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстың ашық біріншілігі өтті.

Аталған жарысқа футболдан ауданымыздың білікті жаттықтырушысы Болысбек Мұсабеков ала доп шеберлерімізді бастап барған болатын. Осы жарыста жерлестеріміз чемпион атанып, мерейімізді үстем етті. Сонымен бірге Мәлікайдар Мәди есімді ойыншымыз «Жарыстың үздік ойыншысы» атанды. 

Жерлестеріміздің жеңістері құтты болсын дей отырып, алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектеспіз!

«Өскен өңір» – ақпарат.