\Еуропа елдерінде қарқынды дамыған, біздің елімізде енді ғана дамып келе жатқан олимпиадалық спорт түрі – найза лақтырудан Түркістан облысы бойынша ең алғаш Шардараның топырағынан шыққан спортшымыз Маман Нұрдәулет 11-17 қазан аралығында Кувейт елінде өтетін Азия чемпионатына жол тартты.
Спортшымыз Азия құрылғының кіл мықтылары жиналатын чемпионатта бар күш-қайратымен, қазақ батырларына тән қайсарлығымен көк байрағымызды көкке көтеріп, Әнұранымызды шырқатады деген сенімдеміз.
Шардарадан шыққан чемпиондарымыздың қатарын жалғай берсін, деп тілейміз!
«Өскен өңір» – ақпарат.