Өткен аптада Астана қаласында таэквондо (WT) спорт түрінен балалар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған чемпионатқа еліміздің әр аймағынан үздік таэквондошылар жиналды. Осы жарыста Түркістан облысының атынан шыққан жерлес спортшыларымыз 1 алтын, 2 күміс, 2 қола алқаны қанжығаларына байлады.
Атап айтар болсақ, 34 кг салмақ дәрежесінде Исмаил Айсұлтан алтыннан алқа тағынса, 22 кг салмақта Пердебай Ердәулет пен 18 кг салмақта Қанжар Дінмұхаммед күміспен күптелді. Ал 34 кг салмақта өнер көрсеткен Исламбек Хадиша мен 40 кг салмақтағы Тұрсынхан Нұрай қола медальға қол жеткізді.
Жеңіске жеткен спортшылар мен жаттықтырушыларымызды жетістіктерімен құттықтай келе, алдағы бұдан да үлкен жарыстарда жеңіс тұғырынан көріне берулерін тілейміз.
Өз тілшімізден.