Спортсүйер қауым Түркия елінің Анталия қаласында қол күресінен 43-ші Әлем чемпионаты өтіп жатқанын жақсы білсе керек. Аталған әлемдік додаға Қазақстан құрамасының негізін құрайтын «Шардара-Армспорт» клубының спортшылары да қатысып, бақ сынап жатыр.
Әлем чемпионатының алғашқы күндері жас жеткіншектер, жасөспірімдер және жастар арасында біздің 21 жерлесіміз өз салмақтарында Әлем чемпионы атанып, көк туымызды көкке көтерді.
Алдағы 19-22 қазан күндері аралығында ересектер құрамасы сайысқа шығады.
Жерлестерімізге сәттілік тілей отырып, жеңістің биік тұғырынан көрінсін деген тілекте болайық.
«Өскен өңір» – ақпарат.