Қараша айының 3-4 күндері Шардара қаласында гір спортынан ересектер арасында Түркістан облысының ІV спартакиадасы өтті. Аталған жарысқа облысымыздың сайдың тасындай іріктелген спортшылары қатысты.

Осы жарыста командалық есепте Шардара ауданының зілтеміршілері 1 орынды жеңіп алды. 2 орынды Отырар ауданының құрамасы еншілесе, Түлкібас ауданы үздік үштікті қорытындылады.

Жерлестеріміздің жеңістері құтты болсын дей отырып, алдағы байрақты бәскелерде де жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектеспіз! 

Өз тілшімізден.