Қараша айының 16-18 күндері Ордабасы ауданында «Балалар жылы» аясында ересектер арасында қазақ күресінен Түркістан облысының IV спартакиадасы өтті.

Аталған жарысқа облысымыздың түкпір-түкпірінен келген боз кілем шеберлері бас қосты. Осы жарыста жерлестеріміз 3 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлделерді иеленді.

Сайыс нәтижесінде  74 кг салмақта Құлмырза Бексұлтан, 90 кг салмақта Аллаберді Руслан және +100 кг салмақта Шамшидинов Қайсар қарсыластарынан басым түсіп, алтыннан алқа тағынды. Ал күміс жүлдені 55 кг салмақта Ермұхан Мұрат, 66 кг салмақта Амангелді Сәуірбай иеленсе, қола жүлдеге 60 кг салмақта Түзел Ерсұлтан, 82 кг салмақта Ахайбек Нұрлан қол жеткізді.

Жерлестеріміздің жеңістері құтты болсын дей отырып, алдағы уақытта да жеңісті күндерден көріне берулеріне тілектеспіз!

         Б.Нарбай.