Қараша айының 26-27-сі күндер аралығында Орал қаласында ересектер арасында грепплинг спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Дүбірлі додаға біздің жерлестеріміз де қатысып, бақ сынап, жеңіс тұғырынан көрінді. 

Атап айтқанда, «Шардара аудандық жекпе-жек спорт түрлерінен спорт клубының» мүшесі 130 кг салмақта бақ сынаған спортшымыз Құттымұрат Батухан алтын алқаны қанжығасына байлады.

Ел чемпионатында бақ сынаған спортшымызды жеңісімен құттықтай келе, алдағы уақытта биік белестерден көрінуіне тілектеспіз!

"Өскен өңір" - ақпарат.