Қаңтар айының 21-і күні Түркия елінің Ыстамбул қаласында «East vs West 6» турнирінде “Шардара Армспорт” спорт клубының спортшысы, су жаңа Әлем чемпионы, қол күрес әлемінде “The Surprise “ атағымен әйгілі Қыдырғали Онғарбаев Америка Құрама Штатының спортшысы, Әлем чемпионы, әлемге «Monster» атағымен әйгілі Майкл Тоддпен 5 раундтық жекпе-жекке келісім шартқа отырды.          

Ыстамбул қаласында өтетін кезекті жекпе-жекке Қыдырғали қызу дайындығын бастап кетті. Жерлесімізге жарақатсыз дайындық өткізіп, жеңіс тұғырынан көрінуін тілейміз!

«Өскен өңір» – ақпарат.