21 қаңтар күні Түркия елінің Ыстамбул қаласында «East vs West 6» турнирінде жерлесіміз, «Шардара Армспорт» спорт клубының спортшысы, Әлемнің 10 дүркін чемпионы Айдархан Нұрдәулет Литва елінің атақты спортшысы, Әлем чемпионы, Әлем кубогының иегері Миндаугас Тарасайтис атты спортшымен 5 раундтық жекпе-жекке шығады. 

Сонымен қатар осы қалада аталған турнир аясында жерлесіміз, «Шардара Армспорт» спорт клубының спортшысы, Әлем чемпионы Айтбек Бекет Түркия елінің мықты спортшыларының бірі, Әлем чемпионатының жүлдегері, Ефе Комек атты спортшымен 5 раундтық жекпе-жекке шығады.

Қаңтар айының 21-і күні жерлестеріміздің жеңіс тұғырынан көрініп, еліміздің абыройын асқақтатуын тілейік! 

«Өскен өңір» – ақпарат.