Қаңтар айының 27-29-ы күндері аралығында Кентау қаласында қазақ күресінен жастар арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті. Аталған чемпионатта біздің аудан спортшылары да бақ сынады. Нәтижесінде аудан намысын қорғаған спортшыларымыз 2 алтын, 1 күміс алқаны қанжығаларына байлады.

Атап айтар болсақ, Амангелді Сәуірбай (66 кг) мен Құлмырза Бексұлтан (78 кг) қарсылас шақ келтірмей, тұғырдың ең биік сатысынан көрінді. Ал Мекенбай Ұлықпан (82 кг) күміс медальға қол жеткізді.

Жеңіске жеткен спортшылар мен жаттықтырушыларын жетістіктерімен құттықтай келе, алдағы ел чемпионатында жеңіс тұғырынан көріне берулеріне тілектеспіз!

«Өскен өңір» – ақпарат.